Алматы қаласындағы Silmelt Таблеткалары 100 Мг №4 | MSN Laboratories Limited

Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, жалбыз дәмі бар дақты-көк түсті, екі беті тегіс таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Силденафил

Өндіруші:

MSN Laboratories Limited

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: кальций карбонаты, натрий кроскармеллозасы (Ac-Di-Sol), маннитол 60 (Pearlitol 160), повидон (Пласдон К-29/32), кросповидон (Полипласдон XL), маннитол (Pearlitol 200), аспартам, коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, жалбыз хош иістендіргіші DC 50117, индигокармин лак бояғышы GA223919 Е (132), бриллиантты көк лак бояғышы GA216176 (Е 133), магний стеараты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, жалбыз дәмі бар дақты-көк түсті, екі беті тегіс таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Қаптамадағы саны:

4 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- қанағаттанарлық жыныстық қатынас жасау үшін, жыныс мүшесінің эрекциясына қол жеткізу және ұстап тұру қабілетсіздігімен көрініс табатын еркектердегі эректильді дисфункцияны емдеу

Силмелт® препаратының әсерін дамыту үшін жыныстық стимуляция қажет.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе «құрамы» бөлімдегі қосымша компоненттердің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- органикалық нитраттардың азот тотығының донаторлары (амилнитрит сияқты) немесе нитраттардың кез келген формалары болып табылатын препараттарды бір мезгілде қабылдау, себебі силденафил NO/цГМФ метаболизмінің жолына әсер етеді және нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді

- силденафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бірге енгізуге болмайды, себебі бұл симптоматикалық гипотензияға әкелуі мүмкін

- эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттарды, оның ішінде силденафилді жыныстық белсенділік ұсынылмаған еркектерге (мысалы, тұрақсыз стенокардия, жүректің ауыр жеткіліксіздігі сияқты жүрек-қантамырдың ауыр аурулары бар пациенттерге) қолданбаған жөн

- шығу тегі артериялық емес көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатиясы (NAION) салдарынан бір көздің көрмей қалуы (ФДЭ-5 тежегіштерімен байланысына қарамастан)

-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Силденафилдің қауіпсіздігі пациенттердің келесі қосалқы топтарында зерттелмеген, сондықтан оны қолдануға болмайды: бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, гипотензия (артерилық қысым <90/50 мм с.б.), жақында бастан өткерген инсульт немесе миокард инфарктісі және пигментті ретинит сияқты белгілі тұқым қуалайтын дегенеративті торқабық аурулары (бұл пациенттердің аз бөлігі торқабық фосфодиэстеразаларының генетикалық бұзылыстарына ие).

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Силденафилге басқа препараттардың әсері

In vitro зерттеу

Силденафил метаболизмі негізінен 3A4 изоформасының (негізгі жол) және 2C9 изоформасының (екінші дәрежедегі жол) Р450 цитохромының (CYP) қатысуымен жүреді. Демек, осы изоферменттердің тежегіштері силденафил клиренсін төмендетуге қабілетті.

In vivo зерттеу

Клиникалық зерттеулер деректерінің популяциялық фармакокинетикалық талдауы силденафил клиренсін CYP 3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин, циметидин сияқты) бір мезгілде қолданғанда төмендегенін көрсетті. Силденафил мен CYP 3A4 тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда жағымсыз құбылыстар жиілігінің жоғарылауы анықталмаса да, силденафилдің ұсынылатын бастапқы дозасы 25 мг құрайды.

Р450 өте күшті тежегіші ритонавирдің АИВ-протеаза тежегішін тепе-тең концентрация (тәулігіне 1 рет 500 мг) және силденафил (100 мг бір реттік доза) жағдайында бір мезгілде қолдану силденафилдің Cmax 300%-ға (4 есе) жоғарылауына және силденафилдің AUC плазмасының 1000%-ға (11 есе) жоғарылауына әкелді. 24 сағаттан соң силденафилдің плазмалық деңгейі силденафилді жеке қолдануға тән шамамен 5 нг/мл деңгейімен салыстырғанда шамамен 200 нг/мл құрады, бұл Р450 субстраттарының кең спектріне ритонавирдің айтарлықтай әсерінің салдары болып табылады. Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді. Осы фармакокинетикалық деректерді ескере отырып, силденафил мен ритонавирді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Кез келген жағдайда, силденафилдің ең жоғары дозасы ешқандай жағдайда 48 сағат бойы 25 мг аспауы тиіс.

Саквинавирдің АИТВ-протеаза тежегішін, CYP 3A4 тежегішін тепе-тең концентрацияны (тәулігіне 3 рет 1200 мг) қамтамасыз ететін дозада және силденафилді (бір рет 100 мг) бір мезгілде қолдану силденафилдің Cmax 140%-ға жоғарылауына және силденафилдің жүйелі экспозициясының (AUC) 210%-ға ұлғаюына әкелді. Силденафилдің саквинавирдің фармакокинетикасына әсері анықталған жоқ. Кетоконазол және итраконазол сияқты күшті CYP 3A4 тежегіштері айқын әсер етеді деп болжанады.

Силденафилді эритромицинмен біріктіріп 100 мг бір реттік дозада қабылдаған кезде, анықталған режимде 500 мг күніне екі рет, 5 күн ішінде силденафилдің жүйелі әсерінің 182%-ға (AUC бойынша) ұлғаюы байқалады.

Азитромицинмен бірге қолданғанда (3 күн ішінде тәулігіне 500 мг дозада) AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминация жылдамдығының константасына немесе силденафилдің немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің кезекті жартылай шығарылу кезеңіне әсер ету белгілері анықталған жоқ.

Дені сау еріктілерде силденафилмен 50 мг дозада бір мезгілде қолданған кезде 800 мг дозадағы циметидин (Р450 цитохромының тежегіші және CYP 3A4 спецификалық емес тежегіші) силденафилдің плазмалық концентрациясының 56%-ға артуына әкелді.

Грейпфрут шырыны ішек қабырғасындағы CYP 3A4 баяу тежегіші болып табылады және силденафилдің плазмалық деңгейінің орташа жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Антацидті дәрілерді (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) бір рет қолдану силденафилдің биожетімділігіне әсер етпейді.

Барлық дәрілік заттармен спецификалық өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілмегенімен, популяциялық фармакокинетикалық талдау деректері бойынша силденафилдің фармакокинетикасы CYP 2C9 тежегіштер тобына (толбутамид, варфарин, фенитоин), CYP 2D6 тежегіштер тобына (серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, трициклді антидепрессанттар сияқты), тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер, ілмектік және калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері, кальций антагонистері, β-адренорецепторлар антагонистері немесе CYP 450 метаболизмі индукторлары (рифампицин, барбитураттар сияқты) тобына жататын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданған кезде өзгерген жоқ. Рифампицин сияқты CYP 3A4 қуатты индукторларын бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы силденафил концентрациясының анағұрлым айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Никорандил кальций өзекшелері мен нитрат активаторының гидриді болып табылады. Нитрат компоненті оның силденафилмен күрделі өзара әрекеттесу мүмкіндігін болжайды.

Силденафилдің басқа дәрілік заттарға әсері

In vitro зерттеу

Силденафил Р450 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 (IC50> 150 μМ) цитохромы изоформаларының баяу тежегіші болып табылады. Қан плазмасындағы силденафилдің шамамен 1 μМ құрайтын ең жоғары концентрациясын ескере отырып, ұсынылған дозаларды қабылдағаннан кейін силденафилдің осы изофермент субстраттарының клиренсін өзгертуі екіталай.

Силденафил мен теофиллин немесе дипиридамол сияқты фосфодиэстераза спецификалық емес тежегіштерінің өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.

In vivo зерттеу

Силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін оларды ұзақ қолданғанда да, жедел көрсетілімдер бойынша тағайындағанда да күшейтеді. Демек, силденафилді азот тотығы донаторларымен (мысалы, амилнитрит) немесе нитраттармен кез-келген формада қолдануға болмайды.

Риоцигуат. Клиникалық зерттеулерде риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтті. Зерттелген популяцияда осындай біріктірілімді қолдану кезінде қолайлы клиникалық әсер туралы деректер болған жоқ. Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен, оның ішінде силденафилмен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Силденафилді альфа-блокаторлармен бір мезгілде қолдану симптоматикалық гипотензияның туындауына әкелуі мүмкін (силденафилді қабылдағаннан кейін 4 сағаттың ішінде). Доксазозинмен емдеу көмегімен тұрақтандырылған қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар пациенттерде доксазозинді (4 мг және 8 мг) және силденафилді (25 мг, 50 мг және 100 мг) альфа-адреноблокаторды бір мезгілде қабылдау кезінде симптоматикалық постуральді гипотензияның сирек жағдайлары туралы хабарланды. Осы хабарламалар бас айналуы және естен тануды емес, бірақ естен тану алдындағы жағдайларды қамтыды.

Силденафилді (50 мг) толбутамидпен (250 мг) немесе варфаринмен (40 мг) бірге қабылдаған кезде, олардың екеуі де CYP2C9 метаболизденеді, елеулі өзара әрекеттесулер байқалмады.

Силденафил (50 мг) ацетилсалицил қышқылын (150 мг) қабылдаған кезде қан кету уақытының қосымша ұлғаюына әкелмейді.

Силденафил (50 мг) қандағы алкогольдің орташа максималды деңгейі 0,08% (80 мг/дл) болғанда алкогольдің гипотензиялық әсерін күшейтпейді.

Гипертензияға қарсы препараттардың келесі кластарын біріктіру: диуретиктер, бета-блокаторлар, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II антагонистері, гипертензияға қарсы дәрілік заттар (тамыр кеңейтетін және орталық әсер ететін), нейрон адреноблокаторлары, кальций өзекшелерінің блокаторлары және альфа-адреноблокаторлар силденафилді плацебомен салыстырғанда қабылдаған пациенттерде жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі бойынша айырмашылықтарды анықтаған жоқ.

Силденафилді (100 мг) амлодипинмен бір мезгілде қолданғанда артериялық гипертензиясы бар науқастарда елеулі клиникалық өзара әрекеттесулер байқалмаған. Жатқан күйде артериялық қысымның (АҚ) орташа қосымша төмендеуі систолалық үшін 8 мм с.б. және диастолалық үшін 7 мм с.б. құрады.

100 мг дозадағы силденафил CYP 3A4 субстраты болып табылатын АИТВ-протеаза, саквинавир және ритонавир тежегіштерінің фармакокинетикалық көрсеткіштеріне әсер етпеді.

Бозентанмен силденафилді тепе-тең жағдайда (тәулігіне үш рет 80 мг) бір мезгілде қолданған кезде бозентанның AUC және Cmax (тәулігіне екі рет 125 мг) тиісінше сау еркек жынысты еріктілерде 49,8% және 42% жоғарылауын тудырады.

Арнайы ескертулер

Эрекцияның бұзылуын диагностикалау ушін, олардың ықтимал себептерін анықтау және адекватты емдеуді таңдау үшін аурулардың толық анамнезін жинап мұқият физикалық тексеру жүргізу қажет.

Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары

Эректильді дисфункцияны емдеуді бастар алдында, емдеуші дәрігер пациенттерінің жүрек-қантамыр жағдайын бағалауы керек, өйткені жыныстық белсенділікпен байланысты жүрек асқынуларының белгілі бір қауіп дәрежесі бар.

Силденафил тамыр кеңейтетін қасиеттерге ие, бұл артериялық қысымның жеңіл және уақытша төмендеуіне әкеледі. Силденафилді тағайындау алдында дәрігерлер препараттың тамыр кеңейтетін әсерінің белгілі бір қатар жүретін аурулары бар пациенттердің жағдайына, әсіресе жыныстық белсенділікпен біріккенде жағымсыз салдарының ықтималдығын мұқият тексеруі керек. Тамыр кеңейтетін дәрілерге жоғары сезімталдық тобына сол жақ қарыншаның шығу бөлігі тарылған пациенттер (мысалы, аорта клапанының стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия), сондай-ақ артериялық қысымды автономды бақылаудың бұзылуының ауыр дәрежесі түрінде көрініс табатын көптеген жүйелі атрофияның сирек синдромы бар пациенттер жатады.

Силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді

Миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, кенеттен жүректен болған өлім, қарыншалық аритмия, цереброваскулярлық қан кету, өтпелі ишемиялық шабуыл, гипертензия және гипотензияны қоса, жүрек-қантамырдың ауыр оқиғалары туралы тіркеуден кейінгі хабарламалар қайтымды және уақытша болды.

Бұл пациенттердің көпшілігінде жүрек-қантамыр аурулары үшін бұрыннан бар қауіп факторлары болған. Көптеген оқиғалар жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін көп ұзамай пайда болды, ал олардың кейбіреулері силденафилді жыныстық белсенділіксіз қолданғаннан кейін көп ұзамай туындады. Тізілген оқиғалар осы факторлармен немесе басқаларымен тікелей байланысты ма, анықтау мүмкін емес.

Приапизм

Силденафилді қоса, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілерді жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (мысалы, ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы) бар пациенттерде немесе приапизмге бейім жағдайы бар (мысалы, орақ жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкоз) ар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Тіркеуден кейінгі кезеңде силденафилді қабылдау кезінде ұзақ эрекция және приапизм туралы хабарланды. Егер эрекция 4 сағаттан астам уақытқа созылса, пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі керек. Егер приапизм дереу емделмесе, бұл жыныс мүшесі тіндерінің зақымдалуына және потенцияның қайтымсыз жоғалуына әкелуі мүмкін.

ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункция кезінде емдеуге арналған басқа препараттармен бір мезгілде қолдану

Силденафилдің басқа ФДЭ-5 тежегіштерімен немесе құрамында силденафил бар өкпенің артериялық гипертензиясын (ӨАГ) емдеудің басқа әдістерімен (REVATIO), немесе эректильді дисфункцияны емдеудің басқа әдістерімен біріктірілуінің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелген жоқ. Бұл біріктірілімдерді пайдалану ұсынылмайды.

Көру қабілетіне әсері

Силденафилді және ФДЭ-5 басқа тежегіштерін қолданумен көру ақауларын туындауы туралы өздігінен хабарламалар түсті. Көру жүйкесінің артериялық емес алдыңғы ишемиялық нейропатиясы жағдайлары туралы өздігінен хабарламалар түсті, бұл сирек жағдай болып табылады және силденафилді және ФДЭ-5 басқа тежегіштерін қолданумен байланысты қадағалау зерттеуінде хабарланды. Пациенттерге силденафилді қолдану салдарынан көру кенеттен бұзылған кезде маманға міндетті түрде жүгіну және препаратты қабылдауды тоқтату туралы ескерту керек.

Ритонавирмен бір мезгілде қолдану

Силденафил мен ритонавирді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

α-адренорецептор блокаторларын бір мезгілде қолдану

α-адренорецептор блокаторларын қабылдайтын пациенттерге силденафилді сақтықпен қолдану керек, өйткені бұл біріктірілім кейбір бейім пациенттерде симптоматикалық гипотензияға әкелуі мүмкін. Симптоматикалық гипотензия әдетте силденафилді қолданғаннан кейін 4 сағат ішінде туындайды. α-адренорецептор блокаторларын қабылдайтын пациенттерде постуральді гипотензияның ықтимал дамуын барынша азайту мақсатында силденафилді қолдану басталғанға дейін α-адренорецептор блокаторларының көмегімен олардың жағдайын тұрақтандыру қажет. Сондай-ақ 25 мг бастапқы дозаны қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Бұдан басқа, пациенттерді ортостаздық гипотензия симптомдары пайда болған жағдайда іс-әрекеттер тәртібі туралы хабардар ету керек.

Қан кетуге әсері. Адам тромбоциттерін зерттеу нәтижелері силденафилдің in vitro натрий нитропруссидінің агрегацияға қарсы әсерін күшейтетінін көрсетеді. Қан ұюы бұзылған немесе АІЖ жедел ойық жара ауруы бар пациенттерде силденафилді қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Осылайша, осы топтағы пациенттерде силденафилді қолдану пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана мүмкін болады.

Әйелдер

Силмелт® препараты әйелдерге қолдануға көрсетілмеген.

Силмелт® препаратының құрамында фенилаланин көзі болып табылатын аспартам бар. Фенилкетонуриямен ауыратын науқастарға зиянды әсер етуі мүмкін.

Бұл препараттың бір таблетканың құрамында 15.000 мг (50 мг доза үшін) және 30.000 мг (100 мг доза үшін) натрий кроскармелозасы бар, осы ең аз мөлшерге сүйене отырып, препарат "натрийден бос" деп санауға болады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Силмелт® препараты әйелдерге қолдануға арналмаған.

100 мг дозада силденафилді бір рет пероральді қабылдағаннан кейін препараттың сперматозоид қозғалғыштығына немесе олардың морфологиясына әсері анықталған жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Силмелт® препараты көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне болмашы әсер етеді.

Көлік құралын немесе механизмдермен жұмыс істеуді бастау алдында пациенттер бас айналумен және көру түйсігінің бұзылуымен қатар жүретін препараттың жағымсыз әсерлеріне байланысты силденафилді қабылдауға организмнің реакциясын анықтауы керек.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерде қолдану

Силмелт® препаратының ұсынылатын дозасы жыныстық қатынастан шамамен 1 сағат бұрын ішке 50 мг құрайды. Тиімділігі мен жағымдылығын ескере отырып дозаны 100 мг дейін ұлғайтуға болады. Ұсынылатын ең жоғары доза 100 мг құрайды. Қабылдаудың ең жоғары ұсынылған жиілігі - күніне 1 рет.

Пациенттердің ерекше тобы

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде (≥65 жас) дозаны түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылу дәрежесінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясы ауыр бұзылған (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты Силмелт® препаратын 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына сүйене отырып, қажет болса дозаны кезең-кезеңімен 50 мг-ға және 100 мг-ға дейін ұлғайтуға болады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде (мысалы, циррозбен) силденафил клиренсі төмендегендіктен, препаратты 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына сүйене отырып, қажет болса дозаны кезең-кезеңімен 50 мг-ға және 100 мг-ға дейін ұлғайтуға болады.

Бала және жасөспірім пациенттер

Силденафил балалар мен жасөспірімдерде (18 жасқа дейін) қолдануға тағайындалмаған.

Басқа дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерде қолдану

Силденафилмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайтын ритонавирді қоспағанда, препаратты CYP3A4 тежегіштерімен қатар ем алатын пациенттерде бастапқы 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Альфа-адреноблокаторлармен емделіп жатқан пациенттерде постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында силденафилмен емдеуді бастар алдында олардың жағдайын тұрақтандыру керек. Одан өзге, силденафилді 25 мг дозамен қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Енгізу жолы және тәсілі

Ауыз қуысында ұнтақталынатын таблетканы тілге салу және жұтудан бұрын, сумен немесе онсыз ыдырауға мүмкіндік беру қажет. Блистерлі қаптамадан шығарғаннан кейін таблетканы дереу қабылдау керек.

Құрамында май мөлшері жоғары тағаммен ұнтақталынатын пероральді таблеткаларды қабылдаған жағдайда аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда препараттың сіңуінің едәуір кідіруі байқалады. Ұнтақталынатын пероральді таблеткаларды бос асқазанға қабылдау ұсынылады. Ауыз қуысында ыдырайтын таблеткаларды сумен ішуге немесе онсыз қабылдауға болады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: еріктілердің қатысуымен 800 мг дейінгі дозада препаратты бір рет қабылдаған зерттеулерде тіркелген жағымсыз реакциялар препараттың анағұрлым төмен дозаларын пайдалану кезінде еріктілердің реакцияларымен салыстырмалы болды, бірақ олардың туындау жиілігі мен көрініс табу ауырлығы анағұрлым жоғары болды. Силденафилдің жоғары дозаларын қабылдау препарат тиімділігінің жоғарылауына әкелмейді, бірақ жағымсыз реакциялар (бас ауыруы, гиперемия, бас айналуы, диспепсия, мұрынның бітелуі және көру қабілетінің бұзылуы) жиілігінің ұлғаюына ықпал етуі мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Диализ силденафил клиренсін жеделдетпейді, өйткені соңғысы қан плазмасының ақуыздарымен белсенді байланысады және несеппен шығарылмайды.

Шығарылу түрі

2 таблеткадан бір жағынан алюминий фольгадан және екінші жағынан баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыSilmelt таблеткалары 100 мг №4 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
Главная
Поиск
Корзина
Помощь
Профиль